Семей тұрғыны суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Sputnik
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Семей қаласында суға батып бара жатқан баланы жағалауда демалып отырған әйел құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қаланың Затон шағын ауданында 9 жасар бала Ертіс өзеніне шомылған. Кенеттен эпилепсиясы ұстап, бұлшықеті құрысып қалған. Бала суға бата бастайды.
"Отбасымен бірге жағалауда демалып жатқан Айнұр Садырбалина батып бара жатқан баланы көріп, дереу көмекке асығып, судан шығарып алды. Сол жерде дәрігерлер келгенше балаға алғашқы медицинаклық көмек көрсеткен", - дейді құтқарушылар.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 153 адам, оның ішінде 42 бала құтқарылды. Ал шомылу маусымы басталған 1 маусымнан бері 92 бала, оның ішінде 39 бала құтқарылды.