АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Air Astana.
Бүгіннен бастап жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11:00 мен 18:00-дің аралығында жүргізіліп, 8 тамызға дейін жалғасады. Осыған байланысты әуе компаниясы тіркеуге ерте келуге кеңес беріп отыр. Жолаушылар кептелісі болуы мүмкін.
"15 шілде мен 8 тамыз аралығында жолаушылардың әуежайға ерте келуін және тіркеуден алдын-ала өтуін сұраймыз. Ұшу кестесін түзетуден туындаған жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты әуежайда жолаушылар кептелісі болуы ықтимал", - делінген ресми хабарламада.