Өңірлер

Қорғалжын қорығы аумағында қамыс өртеніп жатыр: тікұшақ тартылды

Sputnik
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында 25 гектар алаңда қамыс өртеніп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖМ.
Шалқар ауылынан 35 шақырым жерде орналасқан "Қорғалжын қорығы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қамыс өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда.
"Ашық жалын байқалмайды, жеке ошақтар бықсып жатыр. Орман шаруашылығының алдын ала ақпараты бойынша өртеніп жатқан алаң 25 га құрады", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің және орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Сонымен бірге Қазавиақұтқару тікұшағы да тартылды. Сөндіру жұмыстары басталған сәттен бастап өрт ошақтарына 60 тонна су төгілді.
Ақмола облысында құрғақ шөп жанып жатқан аумақ мың гектардан асты