Үкіметте Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі егіншілерді сумен қамту мәселелері талқыланды

Sputnik
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім еткендей, экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова баяндама жасады.
Заседание правительства Казахстана
Министрдің айтуынша, бүкіл егіндік судың 97%-ын тұтынып отырған Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы вегетациялық кезең су тапшылығы жағдайында өтіп жатыр. Алматы және Жетісу өңірлерінде су шаруашылығының жағдайы тұрақты.
Сонымен қатар министр атап өткендей, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында су қоймаларына келіп жатқан судың деңгейі жеткіліксіз. Соның салдарынан сумен қамтамасыз етуде күрделі жағдай қалыптасып отыр.
Мәселені шешу үшін экология министрлігі тарапынан Қырғызстан мен Өзбекстанның уәкілетті ведомстволарымен мемлекетаралық нысандарды сумен қамтамасыз ету кестесін сақтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Смайылов мемлекетаралық нысандарды сумен қамтамасыз ету бойынша келісілген кестелерді сақтаудың, сондай-ақ су ресурстарын пайдалану бойынша көршілес елдермен бірлескен үйлесімді жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Премьер-министр суды ысырап етпей, жалпы аграрлық-өнеркәсіптік кешенге су үнемдеу технологияларын енгізу үшін еліміздегі гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау, жаңғырту және цифрландыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Үкімет басшысы мемлекетаралық каналдар арқылы келетін судың көлемін арттыру мәселесін жедел пысықтау қажеттігін атап өтті.
Үкімет шегіртке жайлаған өңірлердегі жағдайды бақылауға алды