Өңірлер

Қазақстанның шығысында тұрғындар екі балдық жер сілкінісін сезді

Sputnik
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Күршім ауылының тұрғындары екі балдық жер сілкінісін сезді.
Жерасты дүмпулері 13 шілде таңғы сағат 6-да Абай облысының шығыс шекарасында (Алматыдан 772 шақырым) тіркелді.
Магнитудасы MPV 4.2 құрады. Жерасты дүмпулерінің ошағы 15 шақырым тереңдікте орналасты, деп хабарлайды "СТӘЭ" ЖШС.