Жетісу облысында әйелді өлтіріп, өртеп жіберген

Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 12шілде – Sputnik. Жетісу облысында полицейлер ауыр қылмыстың бетін ашты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
4 шілдеде Жаркент қаласында орман белдеуінен 42 жастағы жергілікті тұрғынның сүйегі табылды. Дене жартылай өртенген.
Полицияның мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңда көзделген барлық тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ведомство тергеу мүддесін алға тартып, күдіктіге қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.
Қоғам
"Мәйітін шкафқа салып тасыдым": Оралдағы жантүршігерлік қылмыстың мән-жайы