Жағдайы өте ауыр: Рудныйда жеткіншек ағаштан құлады

Sputnik
РУДНЫЙ, 12 шілде – Sputnik. Қостанай облысы Рудный қаласында жеткіншек ағаштан құлап кетті, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
8 жастағы жасөспірім ауыр дәрежеде жарақат алған.
"Бала ауруханаға ес-түссіз күйде түсті. Бас сүйегі сынып, ашық ми жарақатын алған. Баланың жағдайы өте ауыр", - дейді ведомство.
Басқарманың мәліметінше, бала Рудныйдан Қостанай облыстық балалар ауруханасына санавиация арқылы жеткізіледі. Баланың одан кейінгі жағдайы облыстық балалар дәрігерлерінің назарында болады.