Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына өте алмады

Sputnik
АСТАНА, 12 шілде - Sputnik. Ширек финалда қазақстандық теннисші әлемнің 6-ракеткасы тунистік Онс Жаберден 7:6 (7:5), 4:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Теннистен Англия ашық чемпионатының қазіргі чемпионы Елена Рыбакина жекелей сында 1/4 финалда Тунис теннисшісі Онс Жаберден жеңілді. Матч 1 сағат 54 минутқа созылды.
Өткен жылы Рыбакина Уимблдон финалында Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен ұтқан болатын.
Жартылай финалда Онс Габер Беларусь теннисшісі Марина Соболенкомен (әлемдік рейтингте – екінші орында) ойнайды. Марина Соболенко әлемдік рейтингте – екінші орында.