Қостанайда бірнеше полиция басшысы қызметінен қуылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Қостанайда синтетикалық есірткіні таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Синтетикалық есірткі қылмысына жол бергені үшін бірнеше басшы қызметінен босатылды.
"Қостанай қалалық полиция департаментінің қызметкеріне есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 11 қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның бесеуі басшылық құрамнан. Олар лауазымынан босатылды", - дейді Қостанай облысының ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.
Қоғам
Астанада мамандандырылған ХҚКО басшысы мен төрт полицей ұсталды