Батыс Қазақстанда өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі күйіп қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында дала өртін сөндіріп жүрген көлік жүргізушісі күйіп қалды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Күйген адам өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі болып шықты, жасы – 49-да. Оқиға 10 шілдеде болған.
"Науқас сағат 22.00-де ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндіру кезінде термиялық күйік алған. Ол "Батыс сервис плюс" ЖШС өрт сөндіру машинасының жүргізушісі, екі қолы мен белі күйген. Қазіргі кезде жағдайы орташа ауыр. Тиісті ем-шаралардың бәрі жасалып жатыр. Науқас өзін жақсы сезінеді", - деді Казталов аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Әнуар Сапаров.
Еске сала кетейік, аптап ыстықта Батыс Қазақстанда дала өрті болып жатыр.
Төтенше жағдайлар саласы қазіргі күні өрттің толық жойылғанын айтады.
Орман массивіне өту қаупі бар: Батыс Қазақстанның бірнеше ауылында құрғақ шөп жанып жатыр