АТЫРАУ, 12 шілде – Sputnik. Атырауда жолаушылар автобусының жүргізушісі белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өтпек болған. Салдарынан автобус пойызбен соқтығысқан, деп хабарлайды Мой город.
Оқиға 11 шілдеде сағат 14:00 шамасында болған.
Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет еткендей, Рауан көшесі бойындағы теміржол өткелінде №2 бағдардағы жолаушылар автобусы мен пойыз соқтығысқан. Автобус жүргізушісі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған.
Автобустағы жолаушылардың жағдайы қалыпты.
Басылымның мәліметінше, полиция аталған оқиғаға қатысты құжаттар жинап жатыр.