Қазақстан мемлекетаралық іздеу жариялаған қылмыстық топ мүшесі Бішкекте ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 11 шілде - Sputnik. Қазақстаннан қашып кеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Бішкекте ұсталды, деп хабарлады Cactus.Media.
"Қазақстан мемлекетаралық іздеу жариялаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 1988 жылы туған мүшесі Бішкекте ұсталды. Күдіктіге Қазақстан азаматынан 760 мың доллар бопсалаған деген айып тағылған", - делінген хабарламада.
Күдікті Қырғызстан азаматтығын алмақ болған. Қылмыстық топ мүшесіне қол ұшын берген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бар-жоғы анықталып жатыр. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.