АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Шу қаласында кәріз тазарту қондырғысынан екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 9 шілде күні кешкі сағат 18.00 шамасында Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін алып шықты.
"Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды", - дейді құтқарушылар.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды.