АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн 43 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы Батыс циклоны өтеді. Соның әсерінен батыста, кейін солтүстік пен орталықта найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі, жел күшейеді.
Елдің шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады деп күтілуде.
"Солтүстік пен орталықта, 11-12 шілде күндері солтүстік-батыста, 12-13 шілде оңтүстікте, 13 шілде оңтүстік-шығыста 43 градусқа дейін аптап ыстық болжанып отыр", - делінген хабарламада.