АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Атырау облысының Қызылқоға ауданында өзеннен қырылған балық табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Балық шаруашылығы комитетінің мамандары балықтың жаппай қырылу себебін анықтауға кірісті.
"Ойыл өзенінде балыл қырылғаны туралы ақпарат 7 шілде күні түсті. Келесі күні оқиға орнына арнайы комиссия шықты. Оның құрамында Жайық-Каспий бассейні инспекциясының басшысы және оның орынбасары, инспекция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органның жұмысшылары бар. Өлі балықтар анықталған жерден биоматериалдың қажетті сынамалары алынды", - дейді комитет мамандары.
Сараптаманың қорытындысы бойынша тиісті шаралар қолға алынады. Сол кезде осы жағдайға қатысты барық ақпарат жарияланады.