Қазақстанның батысында 100 гектарға жуық жер өртке оранды

Sputnik
АСТАНА, 9 шілде - Sputnik. Батыс Қазақстанда құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт 9 шілде күні екі дала аумағында болған.
"Теректі ауданы Шалқар ауылдық округінің Сарыөмір кентінен 10 км қашықтықта болды. Дала аймағында 2 учаскеде Егінсайда 45га және Кірпіде 40 га аумақта құрғақ шөп өртенді", - деп хабарлады ведомство.
Департаменттің мәліметінше, елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ. Сағат 15-40-та дала өрті оқшауланды. Өртті сөндіруге өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің 16 адамы және 4 техникасы, жергілік атқарушы органның 25 адамы және 6 техникасы жұмылдырды.
Ал облыстағы ауа температурасы +38 градус ыстық.
Атырау облысындағы табиғи өрт толық сөндірілді – министрлік