АЛМАТЫ, 9 шілде - Sputnik. Қазақстанның азаматтық қорғау қызметі төтенше жағдайға дайындалып жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Оған себеп - ауа райының болжамы. Өйткені Қазақстанда алдағы үш тәулікте 43 градус ыстық пен жаңбыр күтіледі.
Алдағы күндері елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына найзағай ойнап, бұршақ және екпінді жел болады. Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
"Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Батыста, Солтүстік-батыста, Қазақстанның орталығында +43 дейін өте қатты ыстық болады. Осыған байланысты азаматтық қорғау органдарының кезекші қызметтері жоғары дайындық режиміне ауыстырылды", - дейді ведомстводағылар.