АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Алматы базарында шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Департаменттің мәліметінше, өрт сөндірушілер жеткенде, контейнер типтес қоймалар жанып жатқан.
Жедел штаб ашылды. Өртті сөндірудің үш учаскесі анықталып, көрші тұрған контейнерлерді сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді.
"Тауарлық-материалдық құндылықтары бар қоймалардың, көптеген көліктің, базар аумағында адамдардың болғанына қарамастан, өрт сағат 14:05-те сөндірілді", - делінген департамент хабарламасында.
Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге депаратменттіңкүштері мен құралдары, атап айтқанда 74 адам, 20 техника және қаланың басқа да қызметтері жұмылдырылған.