ТАЛДЫҚОРҒАН, 8 шілде – Sputnik. Жетісу облысында көліктің дөңгелегі жарылып, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
BMW автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 192-шақырымында рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылып кеткен.
Оқиға орнында 20 жастағы жолаушы қыз көз жұмды.
Түрлі жарақат алған көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы Сарыөзек ауруханасына жатқызылды.
Жол апаты автомобильдің техникалық жағдайының талапқа сай келмеуінен болды деп болжанып отыр.