Қазақстанда бір тәулікте 4 адам суға батып кетті

Sputnik
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда 4 адам суға батып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Өткен тәулікте шомылуға арналмаған орындарда 4 адам суға батып кетті, оның біреуі – 2011 жылы туған бала (Атырау облысынан)", - делінген ведомство хабарламасында.
Министрліктің мәліметінше, қайғылы оқиғалардың көпшілігі жүзе алмау, белгісіз жерлерде шомылу, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру салдарынан болып отыр.
Бурабайда шетелдіктер суға батып кете жаздады