АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Астанада балабақшалардың бірінде тәрбиешілер жұмыс кезінде спирттік ішімдікке мас болып жүрген, деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 4 шілдеде болған. Мас тәрбиешілер туралы ақпарат полицияның "102" нөміріне түскен.
"102" арнасына балабақшада тәрбиешілер ес-түссіз жүргені, балалардың қараусыз қалғаны туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері келгеннен кейін факт расталды, тәрбиешілер мас күйде болды", - дейді ведомство.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Ал балаларды ата-аналары алып кеткен.
Бұл факті бойынша Байқоңыр ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.