Өңірлер

Тікұшақ пен 55 адам Каспий жағалауында өрт сөндіріп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Каспий жағалауында қамыс өртеніп жатыр, бес жану ошағы анықталды.
"Әуеден барлау нәтижесінде аумағы бес гектарды құрайтын 5 жану ошағы анықталды. Өрттің жалпы ауданы 10 га құрайды. Жанып жатқан аумақ иесіз, бұл Каспий теңізінің жағалауы", - деп хабарлады ТЖМ.
Түтін теңізге қарай бағытталғандықтан, елді мекендерге қауіп жоқ.
Қамыс өртін сөндіруге Атырау облысы ТЖ департаментінен, "Ақ Жайық" резерватынан 55 қызметкер, 13 бірлік техника, 2 бірлік мотопомпа және "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.