АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Ресейдің Самара облысындағы "Промсинтез" зауытында жарылыс кезінде алты адам қаза тапты. Бұдан бөлек, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новостиге сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Чапаевск қаласындағы "Промсинтез" зауытында қондырғыларды бөлшектеу және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жарылыс болған.
"8 адам зардап шекті. Олардың алтауы көз жұмды", - дейді құтқарушылар.