Спорт

Параволейболдан Қазақстан құрамасы Паралимпиадаға жолдама алды

Паралимпиада ойындары келесі жылы Парижде өтеді
Sputnik
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Параволейболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының финалына шығып, Париждегі Паралимпиадаға жолдама алды.

"Отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Қытай командасын 3:2 есебімен жеңіп, келесі жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды", - жазды мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Telegram-арнасында.

Құрлық біріншілігінің финалдық ойыны 8 шілде күні сағат 16.30-да өтеді. Қазақстан құрамасы Ираннан келген волейболшыларға қарсы алтын медаль мен Азия чемпионы атағы үшін өнер көрсетеді. Кездесу Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Параволейболдан Қазақстан құрамасы Паралимпиадаға жолдама алды
Министрдің айтуынша, соңғы рет параволейболдан Қазақстан құрамасы 1996 жылы Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткен. Парижде өтетін ойындарға жолдаманы Азия құрлығының 7 үздік ерлер командасы сарапқа салды.
Параволейболдан Қазақстан құрамасы Паралимпиадаға жолдама алды