АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Бүгін таңғы сағат 04:32-де Шарм-эль-Шейх – Астана бағыты бойынша ұшатын мысырлық Red Sea әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Ақтөбе әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Хабарламаға сәйкес, ұшақ бортында өрт шықты деген күдікке байланысты экипаж Ақтөбе әуежайына қонуға шешім қабылдады.
"Бортында 184 жолаушы мен 10 экипаж мүшесі бар ұшақты Ақтөбе әуежайында медицина қызметкері бар жедел-құтқару жасағы күтіп алды. Ұшақ экипажының мәліметі бойынша, өртке қатысты күдік расталмады. Жолаушылар арасында денсаулығына шағымданғандар болмаған", - деп жазылған хабарламада.