АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында орманнан шыққан өрт жедел түрде сөндірілді, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
"2023 жылғы 6 шілдеде сағат 11:25-те Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында әуеден барлау кезінде 0,001 га алаңда орман төсенішінің жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 12:50-де ұлттық парк пен "Қазәуеорманкүзеті" күштерімен сөндірілді", - деп жазылған хабарламада.
Белгілі болғандай, болжам бойынша өрттің шығуына найзағай себеп болған. Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.