Астанаға 25 жыл: қазақстандықтар қала күнін атап өтіп жатыр

1998 жылы Астана халықаралық деңгейде таныстырылды. Мерекелік шара Қажымұқан атындағы стандионда өтті
Sputnik
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Бүгін барша қазақ елі үлкен мерекені атап өтіп жатыр. Астана қаласына 25 жыл толып отыр. Sputnik Қазақстан елорданың тарихына қатысты қызықты деректер ұсынады.

Неге 6 шілде

1991 жылдың соңында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Ал үш жылдан кейін елорданы оңтүстіктен орталыққа қарай ауыстыру мәселесі көтерілді.
Сол кезде көпшілік астананы ауыстыру бастамасын қолдаған жоқ. Оны ақылға сыймайтын әрекет деп санады. Өйткенi елдiң жағдайы ауыр болды. Жалақы, зейнетақы уақытында төленбеді. Астананы көшiру идеясын қолдағанның өзiнде бұл шешiм 40-50 жылдан кейін ғана іске асады деп ойлады. Осылайша Жоғарғы кеңес депутаттары 6 шілдеде туған күнін атап өткен Назарбаевқа "сыйлық" жасаймыз деп, астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулыны қабылдады. Ал үш жылдан кейін барлығы пойызбен жаңа астанаға көшiп барды.
1997 жылы 20 қазанда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. Ал 1998 жылы 6 мамырда Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.
Астана күні отшашу бола ма - әкімдік жауап берді
Қазақстанның жаңа астанасын халықаралық деңгейде таныстыру шарасы 1998 жылы 10 маусымда ұйымдастырылды. Қала күні де сол күнге белгіленді. Алайда 2016 жылы мейрамды 6 шілдеге ауыстырды. Мемлекеттік мерекелер тізіміне де қосты. Себебі тура сол күні Жоғарғы кеңес пен үкімет астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулыны қабылдаған.

Астана-Нұр-Сұлтан-Астана

Қазақстанның елордасы 25 жылдың ішінде атауын төрт рет өзгертті. Алдымен Ақмоланы Астанаға ауыстырды. "Еуразия жүрегінде" кітабында Назарбаевтың қала атауына қатысты естелігі де бар.
"Шындығына келер болсақ, елорданың атауын өзгерту туралы мен көп ойладым. Бір күні... түнгі сағат екіде Астана деп атасақ қалай болады деген ой келді. Астананың аты Астана. Қазақ тілінде әдемі естіледі. Орыс тілінде де, ағылшын тілінде де солай айтылады. Біздің ортақ көңіл-күйіміз бен елорданы көшірудегі біздің үмітімізді бейнелегендей", - деп жазды экс-президент.
Қоғам
Нұрсұлтан Назарбаев Астана атауын өзгерту туралы не айтты?
Ал 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Астананың атауы Нұр-Сұлтанға ауыстырылды. Ал 2022 жылы қайтадан Астананы қайтарды.

Астананың 25 жылдығы қалай тойланады?

Мейрам күні әдеттегідей өңірлерде мерекелік шаралар, концерттер, халықтық серуендер ұйымдастырылады. Түрлі спорттық сайыстар, фестивальдер өтеді. Биыл да игі дәстүр өз жалғасын табады.
Астананың 25 жылдығына арналған мерекелік шаралар 1 шілде күні басталып кеткен. Бүгін негізгі шаралар өтеді.
5-6 шілде - "Гүл шаһары – Астана" атты суретшілер плэнері (ЭКСПО алаңы);
6 шілде –"Думанды Астана" концерттері (қаланың шет аймақтары және тұрғын үй алаптары, басталуы -18.00. Кіру тегін);
6 шілде - OPEN AIR мерекелік концерті (ЭКСПО алаңы, уақыты – 18:00);
6-8 шілде - Mereke Street фествалі (Орталық саябақ, уақыты: 10.00 - 22.00);
6-9 шілде - Franke цирк бағдарламасы (Астаналық цирк, басталуы - 16.00);
7 шілде - KITAP FEST республикалық кітап көрмесі (Уақыты: 11.00-19.00, кіру тегін);
8-9 шілде – дала тамақтарың фестивалі (Орталық саябақ, уақыты: 12.00-20.00, кіру тегін);
5-8 шілде - "Қыз-Жібек" этно-фольклорлық мюзикл (Жас көрерменнің музыкалық театры);
5-6 шілде - "Болмаған балалық шақ" драмасы (Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры);
6 шілде – Бәйге ("Қазанат" ипподромы, басталуы: 10:00);
6 шілде - "Толағай алыптары" ашық қалалық турнирі.
Өңірлер
Назарбаев: Тәуелсіздік алғаннан соң Түркістанды астана ретінде қарастырдым