Алматы облысында жауын-шашын салдарынан тас жолды су басты

Sputnik
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Алматы облысында жаңбыр салдарынан республикалық тас жолдың бір бөлігін су басып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
5 шілдеде Ұйғыр ауданында нөсер жауын салдарынан Алматы – Көкпек – Көктал тас жолының 216-220 шақырымында ағын су жүріп өтті.
"Құбырлы өткелден су ағыны жүрді. Соның салдарынан жолға лай жиналды, оның көлемі шамамен 70 текше метрді құрады. "Қазақавтожол" ұлттық компаниясының қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен тазарту жұмыстарын жүргізді. Қайтыс болғандар, зардап шеккендер мен қирандылар жоқ", - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомстводағылар қазір жолдың ашық екенін және көлік қозғалысы қалыпты режимде жүргізіліп жатқанын хабарлады.