Абай облысының тұрғыны бақшасын есірткі плантациясына айналдырған

Sputnik
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Полицейлер Абай облысының тұрғынынан 4,8 мыңнан астам түп қарасора тәркіледі. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қарасора-2023" жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында Абай облыстық полиция бөлімінің қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткіні заңсыз өсіру фактісін анықтады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Старая Крепость ауылының шетінен қоршалған плантацияны анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Полицейлер бақшаның иесі 39 жастағы азамат екенін анықтады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі "Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өңірлер
Өскеменде есірткі қабылдап көлік тізгіндеген зейнеткер ұсталды