ТАЛДЫҚОРҒАН, 5 шілде — Sputnik. Талдықорғанда санэпидемиологтар қалалық мәйітханаға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, оған 5,5 млн теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Талдықорған қалалық мәйітханасының мүшкіл халі туралы ақпарат тарады. Жергілікті блогер медициналық нысанда санитарлық талаптардың жоқтығына назар аудартып, тіпті фото және видеодәлелдер салып қойған.
Талдықорған санитарлық-эпидемиологиялық станциясы оның жазбасынан кейін аталған факті негізінде сот сараптамасы нысанына жоспардан тыс тексеру жүргізген.
Тексеріс барысында мәйітханада санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмау фактілері анықталды.
Тексеру нәтижесі бойынша 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, заңды тұлғаға "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
"Сот сараптамасы нысанының басшылығына нақты орындау мерзімдері бар бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді" - деп хабарлады Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.