Қоғам

Қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері бір күнге жабылады

Sputnik
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Ертең, 6 шілдеде қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.

"Астана күні мерекесіне байланысты 2023 жылғы 6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде азаматтар, көліктер мен жүктер өткізілмейді", - делінген хабарламада.

Ал қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.
МКК тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Астана күні отшашу бола ма - әкімдік жауап берді