АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында бағдаршамда тұрған көліктегі жолаушының заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалды. Оны жедел басқару орталығының мамандары байқады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
Toyota Camry көлігі бағдаршамның алдында тұрған. Сол кезде көлік жүргізушінің жанындағы жас жігіт қағаз ақшадан түтік жасап, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген. Рөлде отырған ер адамның оған көмектесіп жатқаны да көрініп тұр.
Жедел басқару орталығының мамандары дереу жақын жерде жүрген патрульдік полицияға хабар берді. Тәртіп сақшылары 4 минуттың ішінде көлікті Назарбеков көшесінің бойында ұстады.
Тексеріс кезінде көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды.
Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу
24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Айта кетері, 269-бапта (Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес тұтыну) 80 айлық есептiк көрсеткiшке (276 000 теңге) дейiнгi айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.