АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Астанада 17 шілдеде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің тұрғын үй қоры.
Құжаттар электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы 17 шілде 09.00-ден 26 шілде 23:59-ға дейін қабылданады.
Іріктеу кезекке қойылған күн бойынша жүргізіледі, сондай-ақ отбасының құрамы ескеріледі.
Қанша пәтер беріледі:
"Көпбалалы отбасылар" санаты үшін – 86 пәтер;
"Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаты үшін – 24 пәтер.
Нәтижелер zhilfond.kz сайтында, "Астана қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" ММ және Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.