АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. "Almaty Kuat" ЖШС директорына қатысты алаяқтық және аса ірі көлемде қаржыны заңдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
Тергеу барысында анықталғандай, ол Алматы қаласының индустриалды аймағына қатысушы 10-нан астам кәсіпкерді электр энергиясын жеткізу шартын жасасып, оны тұтынғаны үшін төлем шоттарын жазып, екі жыл бойы негізсіз ақы алып келген.
"Осылайша ол жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам шығын келтірген. Одан әрі жедел-іздестіру шаралары барысында жоғарыда аталған ЖШС директорының мәмілелер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды заңды айналымға түсіргені анықталды", - делінген қаржы мониторингі агенттігің хабарламасында.
Сот қаулысымен жалпы сомасы 134 млн теңгеден астам жер телімдері мен құрал-жабдықтарға қамауға алынды. Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.