Ақтауда каналдан бойжеткен қыздың мәйіті табылды

Sputnik
АҚТАУ, 4 шілде - Sputnik. Ақтауда 21 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2 шілдеде сағат 08:00 шамасында 102 кезекші пультіне әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Ақтау қаласындағы су жинау каналында, көпір маңында адамның мәйіті жатыр деген шақырту келіп түсті. Оқиға орнынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды, денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ", - дейді ведомство.
Қылмыстық кодекстің 105-бабы ""Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сараптама жасалып, тергеу басталды.
Алматы облысында екі шетел азаматының мәйіті табылды