Алматыда сауықтыру массаж орны интимдік қызмет көрсеткен

Sputnik
АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Алматыда жөзекшілікпен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы Әуезов ауданының К. есімді тұрғыны сауықтыру массаж орны деп интимдік қызмет көрсететін орын ашқан.
Ол үйінің жанынан коттедж жалдап, ешбір сыртқы жарнаманы қолданбай, жезөкшелер үйінің жұмысын насихаттаған
"Мекенжайды тексеру кезінде салон әдеттегі режимде жұмыс істеп тұрды: жұмысшылар “жұмыс орындарында” болды, клиенттер сауықтыру массажының орнына интим қызметтерін алған", - дейді Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.
Ұсталғандар полиция бөліміне жеткізілген. Ал жезөкшелік притонын ұйымдастырған адам жауапқа тартылған.
Спорт
Алматыда 15 жезөкше ұсталды – полиция видео жариялады