АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қорғаныс министрлігі парламент мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлының әскери бөлімнен қашып кеткені туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытқа қашып кеткен", - делінген министрлік хабарламасында.
Ол бұйрыққа бағынбай, оны орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапқа тартылды. Әскери бөлімнің орналасқан жеріне әскери қызметшінің сүйемелдеуімен қайтып бара жатқан.
Ведомствоның мәліметінше, әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Аталмыш факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.