Алматы облысында екі шетел азаматының мәйіті табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында жеке үйден екі шетелдіктің мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
26 маусымда сағат 00:50 шамасында Қарасай ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, жеке тұрғын үйде екі адамның мәйіті жатқанын хабарлаған.

"Алматы облысының полиция қызметкерлері екі кісіні өлтірді деген күдікке ілінген азаматты ұстады. Дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1 - тармағы "Адам өлтіру" бойынша аудандық полицияда тіркелді. Көз жұмғандар 1989 және 1996 жылғы Тәжікстан Республикасының азаматтар екені анықталды", - дейді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Адам өлтірді деген күдікті де шетел азаматы. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
Іс негізінде сот-медициналық сараптамалар жасалып, тергеу басталды.