АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Бүгін Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күні.
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин қазақстандық СІМ басшысы мен қызметкерлерін Дипломатиялық қызмет күнімен құттықтады.
Кәсіби мереке 2009 жылдан бері 2 шілдеде аталып өтеді. Сол жылы Қазақстанның тұңғыш президенті өз жарлығымен Дипломатиялық қызмет күнін ресми кәсіби мерекелер тізіміне қосқан болатын.
Мерекенің датасы 1992 жылы 2 шілдеде елімізде "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы", "Қазақстан Республикасының елшілігі туралы" және "Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы" қағидаттарды бекіту туралы жарлыққа қол қойылуымен байланысты.
Сол кезде республикада тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Сыртқы саясат тұжырымдамасы қабылданды.
Қазақстан әлемнің 186 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты және олармен өзара тиімді серіктестікті жолға қойды.