Бір апта бұрын басталған Іле-Балқаш резерватындағы өрт сөндірілді

Sputnik
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Іле-Балқаш резерватының аумағындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Өрт 2 шілде күні таңертең толықтай сөндірілді.Резерват аумағындағы 6200 га аумақта қамыс өртенген еді. Министрлік, оның нақты ауданын уәкілетті мемлекеттік органдардың комиссиясы анықтайтынын атап өтті.
"Төтенше жағдайлар департаментінің 47 қызметкері мен 5 техникасының, 2 жүзу құралы мен 1 ұшқышсыз ұшы аппаратының, сондай-ақ "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты"РММ-нің 25 адамы мен 10 к техникасының күшімен 5-інші кварталда өртпен күрес қол шанц аспаптары мен мотопомпаларды пайдалана отырып жаяу жүргізілді", - делінген хабарламада.
Жердің батпақты болуы және кіру жолдарының болмауы жалынмен күресті қиындатты.
Бақанас орман шаруашылығы учаскелеріне өрттің таралуын болдырмау мақсатында орман шаруашылығының қосымша 8 адам мен 4к техникасының күшімен минералдандырылған жолақ жасалды. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
"Ғарыш сапары"Ұлттық компаниясы" АҚ-ның ғарыштан мониторингілеу және ұшқышсыз ұшу аппаратының таңертеңгі шолуының нәтижесінде учаскелерде жану және бықсу анықталған жоқ", - делінген мәліметте.
Еске салайық, Іле-Балқаш резерватында өрт бір апта бұрын басталған болатын.