АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жоғалған 14 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой Город" порталына сілтеме жасап.
Бөрілі аудандық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, жасөспірімнің 30 маусымда кешкі сағат 19:19-да Ақбұлақ ауылынан 500 метр шалғай жерде табылған. Ол суға толы ойпатта жатқан.
14 жастағы бала белгісіз жағдайда жоғалған болатын. Тергеушілер баланың қалай қайтыс болғанын анықтауға кірісті.