Астанада 36 адамды алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Астанада мемлекеттік бағдарламамен баспана алып беруді уәде еткен алаяқ әйел ұсталды. Жәбірленушінің біреуі оған 13,5 миллион теңгесін бере салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
38 жастағы әйел 36 адамды алдап кетті. Барлығына мемлекеттік органдар мен банктерде таныстырым бар деп айтқан. Солар арқылы баспана алып беруге уәде еткен. Сарыарқа ауданында тұратын бір адам алаяқ 13,5 млн теңгесін бере салған.
Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі (Алаяқтық, ірі мөлшерде) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.