Спорт

Астанада триатлоннан халықаралық Ironman Kazakhstan жарысы өтіп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Елордада төртінші рет әлемдік деңгейдегі спорттық дода, триатлоннан ең беделді жарыс – Ironman Kazakhstan өтіп жатыр. Оған әлемнің 60 елінен мыңнан астам спортшы жиналды.
"Кім мықтыны анықтайтын осынау сайысқа даңқты спортшылардың қатысуы және жарыстың мәртебесі Қазақстанда триатлонды ғана емес, салауатты өмір салтын да насихаттауға ықпал етеді. Бұқаралық спортты дамыту – біздің басты мақсатымыздың бірі, сондықтан министрлік елде мұндай турнирлерді өткізуді барынша қолдайды", - деп жазды мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Telegram-арнасында.
Спортшылар екі санат бойынша тартысқа түседі. Бұл толық қашықтық: 3,86 шақырым жүзу, 180,25 шақырымдық веложарыс, 42,195 шақырым марафон жарысы мен Ironman 70.3 екі есе қысқа қашықтық. Толық қашықтықта алғашқы 50 орынды иеленген спортшылар Францияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады, ал Ironman 70.3 қорытындысы бойынша үздік 30 адам Финляндияда өткен әлем біріншілігіне жолдама алады.
Астанада триатлоннан халықаралық Ironman Kazakhstan жарысы өтіп жатыр
"Ironman Kazakhstan маңызды спорттық іс-шара ғана емес, Астананың басты туристік оқиғаларының біріне айналғаны анық. Былтыр жарысқа 5000 мың адам қатысқан. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да өседі деп үміттенемін", - деді министр.
Астанада триатлоннан халықаралық Ironman Kazakhstan жарысы өтіп жатыр
Оралов бүкіләлемдік Триатлон корпорациясына (WTC) Қазақстанға осынау ауқымды шараны ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.