Шілдеде Астана әуежайының ұшу-қону жолағына жөндеу жүргізіледі

Sputnik
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. 15 шілде мен 8 тамыз аралығында Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағын жөндеу жоспарланып отыр. Жолақтың кейбір учаскелерінде асфальт-бетон жабынының үстіңгі қабаты ауыстырылады. Ұшуды қамтамасыз етуге арналған жарық сигналды жабдықтар да жөнделеді.
"Егер 15 шілдеден 8 тамызға дейін сапарға шығуды жоспарласаңыз, әуежайға ерте келіп, алдын ала тіркелуіңізді сұраймыз. Себебі рейстер жиілігіне байланысты жолаушылар саны көп болуы мүмкін", - деп жазылған әуежай таратқан хабарламада.
Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушыларды жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды және билет сатып алу кезінде жөндеу жұмыстары жүргізу мерзімін ескеруді сұрайды.
Нұр-Сұлтандағы әуежай бір ай түнде ғана жұмыс істейді