Ресейдің сауда өкілдігі Қазақстанда бизнесті жүргізу шарттары туралы нұсқаулық дайындады

Sputnik
АСТАНА, 01 шілде – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілдігі республикада бизнесті жүргізу шарттары туралы жаңартылған нұсқаулық дайындады.
Құжатта ел экономикасы туралы өзекті ақпарат, заңды тұлғаны тіркеу және банктік шот ашу бойынша кеңестер, салық салу ерекшеліктері, серіктестерді табу және тексеру бойынша ұсыныстар және қазақстандық нарықта жұмыс істеуге арналған басқа да пайдалы ақпараттар ұсынылған.
Нұсқаулықты мына жерден жүктеп алуға болады.
Бұған дейін сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандық экспорттаушылар мен импорттаушыларға арналған "нұсұаулық" әзірленгенін мәлімдеген болатын.
Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыс ойдағыдай дамып келеді – елші