АЛМАТЫ, 1 шілде – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Байбұлақ ауылының маңында таудың баурайында құрғақ шөн жанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысы төтенше жағдайлар депаратментінің кезекші бөліміне 2023 жылғы 1 шілдеде сағат 11:09-де Талғар ауданындағы Байбұлақ ауылының маңында таудың баурайында 10 га аумақта құрғақ шөптің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 17 қызметкері мен 4 техникасы, 15 әскери қызметшісі және № 28237 әскери бөлімінің 1 техникасы, 6 адамы және ЖАО 1 техникасы, 12 адамы және орман шаруашылығының 2 техникасы жұмылдырылды.
Өрт 14-30-да сөндірілді, нақтыланған жану алаңы 7 гектарды құрады.