Жамбыл облысында екі вагон контрабандалық темекі анықталды

Sputnik
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі тәркіленді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
28 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының "Меркі" теміржол өткізу пунктінде "Бішкек – Түрксіб" бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында 2 вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады.
Аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген.
Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді.