АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Теректі аудандық соты "Теректі – таза су" мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Кәсіпорын директоры 7,5 жылға және бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Екеуі де өзіне және ұйым қызметкерлеріне жалақыны артық аудару, сондай-ақ жеткізушілерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару арқылы 162 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды", - деп жазылған хабарламада.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.