АСТАНА, 20 маусым - Sputnik. Шымкентте жүргізуші КамАЗ көлігінің кабинасында қысылып қалған. Құтқарушылар оған көмек қолын созды.
Оқиға Темірлан тасжолы мен Алматы тас жолының қиылысында болған. Оқиғаның видеосы желіде тарады.
Жерасты жолын салу кезінде "КамАЗ" жүк көлігі абайсызда бетонға соғылған.
Соның салдарынан 34 жастағы көлік жүргізушісі кабинада қысылып қалды.
"Авариялық құтқару жұмысына Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру бөлімінен 11 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен ер азамат есін біледі, жағдайы ауыр болғандықтан жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға алып кетті", - делінген Шымкент қаласы ТЖД хабарламасында.