Қызылорда облысында "Qnet" қаржы пирамидасын құрған адамға қатысты тергеу басталды

Sputnik
АСТАНА, 20 маусым - Sputnik. "Qnet" қаржы пирамидасын Қызылорда облысы аумағында құрып, оған басшылық жасады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды қаржылық монитоинг агенттігі.
Анықталғандай, ол 2020-2021 жылдар аралығында қаржы пирамидасын құрып, оның қызметіне 38 тұлғаны қатыстырған , келтірілген залал көлемі 46 млн теңге.
Соттың санкциясына сәйкес, ол "күзетпен ұстау" түріндегі шарамен 2 ай мерзімге қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201 бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.